<![CDATA[]]> http://wokpar.yvision.kz/feed/ Wed, 22 Nov 2017 22:12:49 +0600 https://yvision.kz/images/userpics/wokpar-normal.jpghttp://wokpar.yvision.kz all rights reserved Zend_Feed Астана. СРОЧНО, ЖЕДЕЛ АҚПАРАТ, МОЛНИЯ, ВНИМАНИЕ!!!Слезы невесты . . .

Недавно я сделал предложение любимой девушке и услышав заветное "да" начал подготовку к свадебному торжеству.

В поисках места для проведения банкета посетил ресторан «Porta Fortuna» (г.Астана, ул.Сембинова, д.11/3). На встречу вышел молодой человек по имени Сабит представившийся администратором заведения. После показа банкетного зала Сабит озвучил свободные даты и заметив интерес с нашей стороны сказал, что цена за человека не окончательная и впоследствии имеется возможность прийти к компромиссу. В целом ресторан нас устраивал. Кроме того, мы неоднократно слышали хорошие отзывы о заведении.

13 мая 2017 года я внес первоначальный взнос и получил квитанцию к приходно-кассовому ордеру, оформленную надлежащим образом - с печатью ТОО «Занбарж» и штампом «Оплачено».

На следующий день мне позвонил Сабит и предложил участвовать в акции от владельцев ресторана заключающейся во внесении 100% оплаты за мероприятие и получение скидки 1000 тенге с человека.

Получив заверения Сабита (сотрудника ресторана), что все будет надлежащем образом оформлено, я согласился.

15 мая 2017 года я внес всю оставшуюся сумму. Снова получил квитанцию к приходно-кассовом ордеру. Кроме того, Сабит, как и было обещано, предоставил договор на оказание услуг по банкетам и особым встречам, заверенный печатью ТОО и подписью директора Баржаксиновой Зауре.

С местом проведения мероприятия определились, и родители начали рассылать пригласительные на свадьбу, а невеста выбирала себе свадебное платье. Я продолжал подготовку.

6 июля раздался телефонный звонок и меня попросили подойти со всеми подтверждающими оплату документами в ресторан. Все, что было дальше, - невозможно было даже представить.

В холле ресторана, где должна была пройти свадьба, мне сообщили, что оплаченные мною в полном объёме денежные средства администратор Сабит в кассу заведения не внес.

Там же мне сообщили, что примерное количество потерпевших от действий Сабита примерно 20 человек, каким образом сотрудники и руководство ресторана не замечали, что подобное происходит в стенах заведения остается для меня не понятным.

Мне и еще нескольким людям, оказавшимся в таком же положении, сообщили, что Сабита задержали и порекомендовали обратиться с заявлением в РУВД, а также начать поиск другого ресторана.

На мои вопросы откуда у администратора печать заведения, приходно-кассовые ордера и подписанный директором договор, никто вразумительно ответить не смог. Тогда я потребовал встречи с директором, в надежде прояснить ситуацию.

Однако и директор ресторана Баржаксинова Зауре разговаривала с явным нежеланием, строя диалог с обвинительный уклоном, укоряя меня в доверии и полной оплате суммы за проведение мероприятия. Своей вины в том, что администратор ее ресторана, проработавший около 2 лет, имевший свободный доступ к печати ТОО, приходно-кассовым ордерами и принимавший денежные средства от клиентов, а впоследствии обманувший меня и многих других людей - она не признавала! Я знал, что в нашей стране культура обслуживания и соблюдение прав потребителей не на самом высоком уровне, но то что в подобной неординарный ситуации руководитель ресторана поведет себя подобным образом даже представить не мог.

Я предпринял меры досудебного урегулирования спора и отправил претензионное письмо. Однако, идти на компромисс никто не собирался. Баржаксинова Зауре не согласилась с требованиями вернуть полученные нечестным сотрудником деньги или провести мероприятие, за которые была получена полная предоплата. Более того Она заявила, что администратор не является официальным сотрудником ресторана и что у него не было полномочий заключать договоры и принимать деньги от клиентов, как тогда на протяжении 2 лет он осуществлял свою деятельность и почему за ним не велся контроль остается не известным.

В результате сложившейся ситуации, по вине сотрудника ресторана PORTA FORTUNA я вынужден отказаться от проведения долгожданного мероприятия. Я, мои родители, и моя невеста до сих пор находимся в очень подавленном состоянии. Никогда не думал, что в столичном ресторане, имеющем неплохую репутацию может произойти подобное.

Я обращаюсь ко всем жителям и гостям столицы, будьте внимательны при выборе места проведения значимых для вам мероприятий!

  ]]>
Fri, 04 Aug 2017 19:49:28 +0600Wokpar@yvision.kz (Wokpar)астанаисекепрокурскандалрезонансадвокатсудсвадьбюристhttps://yvision.kz/post/774840https://yvision.kz/post/774840
Астана. Елімнің жүрегіІІ бөлім

Негізінен Астанамызда, әлемдегі басқа қалаларда сияқты әлі де болса, шешілмеген мәселелер жеткілікті. Бірақ кейбір қалаларда, біршама даму тарихы бар болса, бізде 18 жыл ғана болып отыр. Салыстыру негізінде қарастыратын болсақ, елорданың да, өзіне тән артықшылықтары баршылық. Дегенмен, «Көш – жүре түзілер», - дана халқымыз демекші, Астанада шешілетін мәселелер жеткілікті.

Тура жазық дала ортасында, үлкен қала (мегаполис сыңды) қасиетті болмаған мекенді, жаңадан салып, бой түзеп шығу да бірсыпыра жұмысты қажет етеді. Соның негізінде, жасалған жұмыстар да көзге көрініп тұр. Бірақ жан-жақты зерттеп, ұтымды әрекеттер ұсыну сияқты жайттар жеткілікті. Соның бірі – жол инфрақұрылымы.

І бөлімде жазылғандай, Астана – туған жерім болуына байланысты, барлық мәселелер көз алдымда пайда болып, кейбіреулері шешілмей жүр. Атап айтақанда, жолдағы көліктер саны күнен-күнге өсіп келеді. Оның өзінің де себептері жеткілікті. Ал көліктер саны өсуіне байланысты, жолдағы қозғалыс та нашарланып жатыр. Өйткені, жол қозғалысын ұйымдастыру жұмысы төмен деңгейде. Жуырда ғана, «Astana LRT» мекемесі пайда болып, қоғамдық көліктерге қарасты мәселелерді өзіне қаратып, шешу жолдарын ұсынып, жайлап енгізіп жатыр. Мысалы, негізгі 4 көшенің жол бағытын бір жақты жасап, жол кептелісі мәселесін шешуге арналған әрекет енгізді. Қала бойынша, көптеген көшелерге автобустарға арналған, жолдан бір бөлігін бөлу арқылы, сияқты жаңашылдықты да енгізген болатын. Одан не керек, барлық автобустарды бірдей стандартқа салып, бірегей жұмыстар атқарылып жатыр. Аялдамалардың да сыртқы безендірілуі және жалпы салынуы бойынша стандарттар жасап, іске асырып жатыр. Әрине, барлық аталмыш жұмыстар мен бастамалар, жергілікті басқару органы – әкімшіліктің қолдауы мен жетекшілігімен іске асырылып жатыр. Көптеген жаңалықтары, халықты қуантып, көңілдерінен шықты деген сенімдемін. Бірақ, елдің ойы және де әрине өзімнің азамттық көзқарас тұрғысынан қарағанда, кейбір жасалған әрекеттер үлкен сұрақтар туғызып, күмән тудырып отыр. Жаңа салынған аялдамдалардың өзі, қаншама жауапсыз сұрақтар туғызады.

Сурет 1 – Астанадағы орнатылған және әлемдегі қолданыстағы аялдамалар (интернет желісінен)

Қолдағы бар мәліметтерге сәйкес, 2015 ж. сала бастаған, бір аялдаманың құны 10 млн тг (35 мын доллар) асып кетеді. Әрине, ішінде адамға қажетті және ыңғайлы болатындай жағдайлар жасалынған. WI-FI, қыста – жылыту және ақпараттандыру жүйесі сияқты аргументтер халықты көңілінен шығып, біраз адамдарды қуантып жіберген. Себебі, шынымен қаламызда ауа-райы қоңыржай болуына байланысты, бір мезетте ауа-райы бұзылып, күрт суық немесе ыстық болып қалуы ықтимал. Осындай кезде, аталмыш жаңа аялдамалар адамдарға ыңғайлы болуы үшін, қажетті болып келеді. Шын мәнінде, жазғытұрым уақытында, салқындату құрылғылары, өзінің функцияларын толық атқарылмауына байланысты, халық арасанда шу шығарып, наразылық тудырған болатын. Бірақ та, оның бағасын есіне алған кезде шашын тік тұратынына сеніммен айтуға болады. Себебі, салыстыра қарастыратын болсақ, Красноярск қаласында, тура осындай аялдамалар салынып, олардың құны 200-300 мын рубль (4500 доллар) құраған болатын. Қазіргі таңда, қала бойынша осындай судай жаңа 35 аялдама салынып қойған, жалпы 85 аялдама шамасында салыну жоспарланып отыр. Олардың саны бюджеттен бөлінетін немесе инвесторлардың бөлінетін қаржыға байланысты өзгеруі мүмкін.  Әрине, жалпы екі ел және екі қала арасында айырмашылық әлдеқайда үлкен. Дегенмен, халықтың менталитеті де әр түрлі болып келеді. Себебі, кеше ғана орнатылған аялдамаларға, біздің белгілі бір азамттарымыз бұзақылық жасап, бірнешеуіне зиян келтірген болатын. Нәтижесінде жауапқа тартылып, басқаларға үлгі болатынына сенімдімін.

Соңғы бірнеше жылда, жалпы республика бойынша, ауа-райы күрт өзгеріп бара жатқан көрінеді. Астананың өзінде 90–шы және 2000 жылдарда қыс қарқыраған суық болып, қар мөлшері мен аяз деңгейі болжамданған шеңберінде болатын. Өз жөнімен көктем келіп, ары қарай жаз бен күз. Демек жыл мезгілдері табиғаттың заңдылығына байланысты кезекпен ауысып, барлығы өз деңгейінде болатын. Ал қазір, қыс жылынып, жаз суып бара жатыр. Осы жаздың өзінде, бір шамалы ғана, бірнеше күн жылы болып тұрғаннан кейін, тек жаңбырлар ғана жауып жатыр. Түп тамырында ауа райының қолайсыздығынан Астана мен Алматы, Италияның Венециясына айналып, қаланың ішінде тек кемемен жүзу қалған сияқты. Себебі, жаңбыр мөлшері әлдеқайда көп болған. Әрине, мүмкін неше түрлі циклон немесе соған ұқсас табиғи жайттар әсер еткен де шығар. Дегенмен, соның нәтижесімен күресетін қаланың күші жеткіліксіз.

Сурет 2 – Елорданы жаңбырдан кейін су басуы (жалпы қолданыстағы интернет желісінен)

Сонда, қаланы жоспарлаған кезде, нөсер жауынның суы ағылып кететін канализациясын бірден салынбауынан болып отыр. Жоспарлау кезінде, жетік қарастырмай, бүгінгі таңға үлкен мәселе тудыртып жатыр. Қаланың жаңа орталығы – Есілдің сол жақ жағалауы болсын, сол сияқты оң жағалауда да, нөсер жаңбырдан кейін судың мөлшері, халыққа біраз қиындықтар мен ыңғайсыздық туғызатынын атап өту керек.  Аталмыш мәселемен күресудің тиімді жолдарын, Астанадағы жаңа әкімшілік ойлап тауып, ұсынатынына үміттенейік.

Қаладағы, енгізілген жаңалықтардың бірі – бір жақты жол жүру ережесі. Барлық негізгі көшелерге енгізілмегенмен, қазірдің өзінде біраз қиындықтар туғызған болатын. Себебі, кейбір сәттерде жол кептелісі бірнеше шақырымға созылатының естен шығармау қажет. Сонымен қатар, қажетті мөлшерде көлік тұрақтары болмауына байланысты, халық амал жоқтан жолдың жиегіне қою әдетке айналдырған болатын. Өтйкені басқа амалдары да жоқшылық. Сәйкесінше, жолдың жиегінде тұған көліктер, жол қозғалысына қосымша қиындық туғызады.

Сурет 3 – Астанадағы жол кептелістері (интернет желісінен алынған)

Мәселен, осы жайттармен қоса, жол жиегіндегі кейбір бағдаршамдардың және жол жүру белгілерінің бірегей стандартқа сай болмауы. Нәтижесінде, қаладағы жолдық инфрақұрылым саласын әлі де болса, біраз өзгерту қажет. Ең бастысы, қарапайым халықа ыңғайлы болып, соның негізінде өзгерістер енгізілуі шарт.

 

]]>
Mon, 29 Aug 2016 19:44:00 +0600Wokpar@yvision.kz (Wokpar)астанакептежолавтобусжаңбырlинфрақұhttps://yvision.kz/post/703242https://yvision.kz/post/703242
Астана. Елімнің жүрегі 

Астана – еліміздің бас қаласы. Елорданы ауыстырғалы, 18 жыл өтті. Біраз уақыт зымырап өтіп, қаланың ішінде қандай өзгерістер орын алды, қандай мәселелер әлі де болса шешілген жоқ . . .  Осы жайттар мен көптеген басқа салалар туралы өзімнің ой-пікірімде тоқталғым келіп тұр.

Өзім 80-жылдардың соңында Целиноград қаласында дүниеге келген едім. Арада 27 жыл өтіп, қала көз алдында өзгеріп те үлгерген екен. Ол кезде әлі де, Совет Одағынан қалған ірі кәсіпорындар баршылық: Ет комбинаты, М.Маметова фабрикасы, Целинсельмаш пен Казахсельмаш зауыттары, Целиноградтық вагон жөндеу зауыты, Целиноградтық шойын қорыту зауыты және көптеген басқа да ірі-ұсақ өндіріс орындары. Атап айтқанда, Солтүстік және Орталық Қазақстан бойынша, ең ірі өндіріс қалаларының бірі болып саналған.

Бидайды және астықты өсіру мен өңдеу саласына, Целиноградқа Совет Одағының көптеген елдерінен жастар ағылып, өздерінің ерең еңбектірінің арқасында қалаға жаңа серпіліс, дем берді. Содан қаланың Целиноград деген атауы пайда болды.

Сонда 80-90 жылдарда және 2000 жылдықтың басында, қаланың ішкі тынысы және инфрақұрылымы, бүгінгі күнмен салыстырғанда әлдеқайда басқа болған еді. Әрине, ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырды салыстыруға да болмайды. Дегенмен, осы уақыт аралығында өмірге деген көзқарастан бөлек, елдегі саяси мен мәдени, әлеуметтік құндылықтар мен халықтың соған ойы өзгерен. Одан бөлек, жылдан-жылға ауа-райының өзгеруі де алаңдатып отыр. Қыс жұмсарып, жаз суықтана бастауы болып тұр.

Енді, бүгінгі күнге жетіп, өткен уақыттан, аманатқа тапсырылған байлықтан қолымызда не қалды?! Тек бейбіт өмір және ашық аспан. Совет Одағы құлдырағаннан кейін, елімізге үлкен дағдарыс келіп,  көптеген ірі және ұсақ өндіріс орындары банкротқа ұшырап, жабыла басталды. Ел экономикасында үлкен өзгерістер орын алды. Ұлттық валюта енгізіліп, бірнеше жыл бойы, халық ашаршылық күйзеліске жақын болған еді. Сол уақытта сарабдал саясат арқасында, ел аяққа қайта нық тұрып, жалпы өмір өз қалпына келе бастаған болатын. Кебіреулер сонда ұстанған саясатқа қарсы болып, даттайтын да шығар. Бірақ ескере кететін жайт баршылық, өтіп кеткен істі қайта өзгерте алмайсын. Ал оны қазбалаудын пайдасы жоқ екенің, екінің бірі түсене бермейді. Нәтижесінде, саясатқа терең үңілмей, қаламыздың көкейтесті мәселелерімізге қайта оралсақ.

Жуырда ғана, туған қаламызға 7-ші жаңа әкім тағайындалған болатын. Елімізге танымал, индустрия мен инновацияны басқаруында еңбегі сіңген азамат – А.Исекешев мырза. Елордалықтардың күтетін үміттері орасан зор. Жалпы 6 әкім болған уақыт ішінде, қалаға келген өзгерістер сан алуан. Әрбір келіп-кеткен әкім өзіне тән қасиеттері болып, елордамыздың белгілі бір саласына үлес қосқан еді. Бірақ та кейбір салалар, қалай о бастан бастап, ақсандап жүрді, солай әлі де өкінішке орай ақсандап жүр. Атап айтқанда, жол инфрақұрылымы, кептелістер, тұрғын-үй мәселесі және көптеген басқа да ұсақ-түйек мәселелер. Енді үмітіміз үзілмей, шешілмеген мәселелер бойынша А.Исекешевтен күтетін боламыз.  Күтетініміз мәселелерді жай ғана шолып тұрып уақытылы шешу емес, оны түбегейлі қарастырып, себебептерін тауып, нақты механизм іске асырылуы арқасында, мәселені толық жою.

Осы мақаламда, жалпы ғаламтордан жинақтаған туған қаламыздың 4 түрлі кезеңдерден тұратын суреттер жиынтығын, сіздердің назарларыңызға ұсынғалы отырмын.

І кезең – 1911 – 1970 жылдар Акмолинск қаласы

ІІ кезең – 1980-1990 ж. Целиноград-Ақмола қ.

ІІІ кезең – 2000-2016 ж. Астана қ.

ІV кезең – Астана қаласының болашақтағы жоспары

Жалпы 4 кезеңді қарастыра келе, қаламыз қаншалықты өзгергенің және алда қалай өзгеретінің болжамдай аламыз. Әрине, өмір бір орында тұрмауына байланысты, өмір ағысы мен қағысы замаң талабына сай ауысып отырады. Одан ең бастысы, өзіміздің рухани құндылықтарымызды, қазақи дәстүрімізді жоғалтып алмасақ болғаны.

Кейбір мәселелер, қалай нақты өзгеретіні жайлы, қазірдің өзінде белгілі болып тұр.  Бірақ толық түсінік алу үшін, алғашқыда қалай басталғаның, өзгеру тарихын қайта қарастырып, сонымен қатар, болашақ жоспарға қысқаша тоқтала кетсек.

Қаланы жоспарлау мен құрылысты жүргізудің бірінші кезегі елорданы ауыстыру кезінде (1997-2000 ж.) басталған, кейін америкалық мамандарды тарту арқылы ұсынылған жоспарға сәйкес жұмыстар тек 1 жыл аясында іске асырылып, үшінші кезек әлемге аты шулы болып, әлемге таңымал болды. Оның себебі, мол атағы мен абыройы бар Кисе Курокава жапон сәулетшісін елордамызға тартып, Астананың 2030 жылға дейін жоспарын сызып қойған еді. Бірақ арада бірнеше жыл өтіп, жапон сәулетшісі өзінің ұжымымен жасаған болжамдары теріс болып шықты. Сол жақ жағалауда, бойы көтеріліп келе жатқан ғимараттар арасындағы тар көшелер мен көліктерді қоятын орындарының болмауы, алғашқы үлкен мәселелерге әкеліп соқтырды. Одан кейін, 2003-2005 ж. аралығында Астана қаласының бас жоспарында ауыспалы кезең орын алды. Бас жоспарға қосымша бірнеше айналмалы жол тораптары мен басқадай көлікке қатысты ғимараттар мен нысандар енгізілген болатын. 2007 ж. Курокава ұсынған жоспар әлдейқайда өзгеріске ұшырап, қайта қаралған болатын. Әсіресе, көлік саласы мен инфрақұрылым көптеген өзгерістерге ұшыраған. Бас жоспардың бесінші кезеңі кезінде «Астанагенплан» мекемесі ат салысып, өз ойларын қосқан болатын. Дегенмен, оның өзі екі рет қайта қарастырылды. Себебі, EXPO халықаралық көрмесі өткізуге мүмкіндік алғаннан кейін, жоспарды қайта өгертуге тура келді.

Соның нәтижесінде, қала бойынша салынып жатқан ғимараттар сан алуан. Әрине, 90 жылдарда салынған үйлердің түстері мен реңдерінен әлдеқайда айырмашылықтары да байқалады. Одан бөлек үйлерді соғу стандарттары бойынша бірқатар өзгерістер орын алған еді. Сонымен қатар, замаңға сай жаңа құрылғылар мен техникалар қолданылады. Ең бастысы үйдің сапасы әлдеқайда жақсарған болатын. Бірақ, ескеретін жайт баршылық. Егер үйді BI Group сияқты алпауыт компания салған болса, онда құрылыстың аяқтау уақыты мен сапасы жағынан уайымдадуың қажеті жоқ. Ал егер де, арзан немесе ешкімге танымал емес кішігірім құрылыс компаниясы салған болса, онда құрылыс аяқтау уақыты мен сапасы жағынан алаңдауға боларлық жайт.

Сүйікті қаламыздың инфрақұрылымы, жолдағы кептелістер, ұзақ уақыт салынып жатқан үйлер сияқты бірқатар ірі мәселелер баршылық. Бірақ, құрметті оқырман, осы жайттарды өзімнің осы мақаламның келесі бөлімдерде бөліп, ажыратып көрсеткен жөн екенің санап отырмын. Онда келесі ІІ бөлімде кездескенше.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман, мақсатымыз айқын, болашағымыз жарқын болғай ағайын!!!

]]>
Sun, 28 Aug 2016 19:43:00 +0600Wokpar@yvision.kz (Wokpar)астанаелордацелиноградисекешевэкспо2017https://yvision.kz/post/701274https://yvision.kz/post/701274
Қайран қазағым-ау!!! Қайда жоғалып барасын?!Ассалаумағалейкум Алаш жұрты. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жалынды жастар!!! Бүгінгі күніміз не болып бара жатыр? Қазақи, өз туған халқымызға тән қасиеттеріміз қайда жоғалып бара жатыр? Қоғамымызбен не болып жатыр? Жаңалықтар тізімін оқып, қарап шықсан, шашын тік тұрады. Ал оның барлығысы ненің кесірінен?! Қандай себеп болып отыр? Қазақтың санасын, жүрегін, иманын кім уландырып жатыр? Қазақтың намысы қайда кетті? Отаным деп, елім-жерім деп жанын аямай, азатығымызды алу жолында құрбан болған, ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз бекерден бекер күрескен болғаны ма?!

Ана тілім деп 20 жылдан аса шырылдап жүрсек те, нәтижесі қайда?! Кейбіреулер қазақ тілінің деңгейі әлдеқайда көтерілді деп те айтатын болар. Бұл ақпаратты шынымен, ешкім даттап тұрған емес, дегенмен осы мәселе өзінің деңгейінде шешілді ме?!

Тәуелсіздігімізді 25 жыл бұрын жариялап, оған жету жолы да ұзақ болған. Ал соның нәтижесінде, енді жерімізді біреулерге ұзақ жылдарға жалға бергеніміз дұрыс па?! Соңғы 10 жылда, елде қандай өндіріс саласында жетістіктерге жетік?! Соның бастамасын алатын жастар қайда?! Біліміміз бар ғой, неге әлі толық күш жігерімізді салып, ертеңгі күнімімізді өзгерте алмаймыз?!

Сұрақтар өте көп, ал жауап жоқ... Ал егер де, осының барлығысына өзіміздің ішімізден іздеп көрсек ше?! Барлығымыз өзімізге өзіміз іштей сұрақ қойсақ, елімнің дамуы үшін, ана тілімнің жоғалып қаупінен сақтану үшін, өскелен ұрпақ қажетті тәрбие алатындай МЕН НЕ ЖАСАДЫМ?!

 

Қайран қыздарым ау, аналық махаббатарын, туған балаға деген сүйіспеншіліктерін қайда жоғалды екен? Елімізді 32 мыңнан аса ресми түрде тіркелген жетімдер бар. Одан бөлек, екі миллионнан астам 18 жасқа дейіңгі қыздар, бұл жалпы елдегі әйелдердің санын бесінші бөлігі болып есептеледі. Денсаулық сақтау және даму министірлігінің мәліметтеріне сүйене келе, соңғы 5 жыл аясында 33051 жасөспірімдер арасында жүктілік орын  алса, 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар арасында 9906 жасанды түсік тіркелген. Пайыздық мөлшерде өзге Батыс Европа сияқты мемлекеттермен салыстыра қарастыратын болсақ, екі-үш есе асып кететінің ескере кету керек. Мәжіліс депутаттары бұл өзекті мәселені, жасөспірімдік жүктілікті біраз уақыт бойы Үкімет деңгейінде көтеріп келеді.( https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/33-tyisyachi-sluchaev-beremennosti-sredi-podrostkov-295592/ )  Ең сорақысы соңғы жарты жыл аясында республикадан орын алған жайттар болып отыр. Даладағы дәретханаға (https://tengrinews.kz/events/mladentsa-vyibrosili-tualet-trasse-jambyilskoy-oblasti-286918/), тұрмыстық қоқыс жинайтын жәшіктерге сәбилерді тастау және (https://tengrinews.kz/events/vyibroshennogo-novorojdennogo-malchika-nashli-kostanayskoy-286439/ ) көлікпен келе жатып, жолға тастап жіберу сиқяты жайттар, жанымызды тербетіп жібереді. Сонда бұл қыздар 9 ай бойы туған нәрсетелері құрсауларында болып, дүниеге әкелгенге дейін, ата-аналары, мектептегі мұғалімдері мен басшылығы қайда қарады десейші?! Нәтижесінде, қалай оны ешкім байқамаған болар? Бәлкім, уақытылы жүктілікті байқағанда нәрестелер өмірге келіп, аяқтарына нық басқан болар... Құдайым-ау, еліміз бойынша қаншама отбасылар бала көтере алмай жүр. Ал кейбіреулерге үлкен өмірлік сый, қуанышты – бала ретінде әкелсе, басқа біреулері баланы керек қылмай, ойға сыймайтындай әрекеттер жасайды. Соңғы 5 жыл аясында елімізде қаншама осындай жайттар орын алған еді. Бірақ солардың ішінде аман қалған балалар қанша қалды десейші.

Одан бөлек, тиынның басқа жағын қарастыратын болсақ, жасөспірім жігіттер не ойлап жүрді?! Қыздардың жүктілігі ауадан бола қойған жоқ қой!!! Ол жігіттер, кез келген істі бастамастан бұрын, неге бастарымен, санасымен дұрыс ойланбайды?! Нәтижесі не болатынын, қалай еркектік намысымен жауап беретінің, көбісінде ойында да жоқ қой!!! Ерте замаңда, он үште – отау иесі деп айтқан еді. Ал қазір он үштегі баланың санасына қарасақ, түкте таба алмайсын. Әрине, бес саусақ бірдей емес, араларымызда санасы дұрыс қалыптасқан жасөспірімдер де бар. Бірақ, сорақысы шетелдік бағытта санасы қалыптасқан жасөспірімдерге кім әсер етті? Қандай себептен, олар теріс бағытқа ауысып кетті? Жалпы, осындай сұрақтарды сансыз қойып, шексіз жауаптар іздеп көруге болады. Өкініштісі, жай сұрақ қойып жағдайымыз түзілмейді.

Мемлекетіміз, жастарды қолдау бойынша, біраз әрекеттер де жасап отыр ғой. Білім ордаларында, қоғамдық шараларда байқауға болады. Одан туындайтын бір ғана сұрақ бар, бұл жеткілікті ме? Жанұяның өзі, алдын алу үшін, қандай әрекеттер жасады? «Отан – отбасынан басталады», -  деп бекер айтпаған. Ал, біз ата-ана болып, не жасаймыз? «Ойбай, баламыз басқа балалардан құр қалмасын», «көршінің баласына гаджет сатып алды, ал біз одан не кемшілігіміз бар» , - деп өз-өзімізді алдай саламыз. Әрине, қазіргі замаңға сай жаңа құрылғылар (гаджеттер) өмірімізді әлдеқайда жеңілдетіп шықты. Бірақ, біз оны дұрыс бағытта пайдаланып келеміз бе?!

Жалпы, БАҚ көз жүгіртсек, телеарналар бойынша – «Балапан» телеарнасынан бөлек, рухани, қазақтарға тән бағытта қандай арнамыз бар?! Ал баспалар ше, көбісі оқымайтын «Айгөлек» журналынан, баспаның көлемі мен оқылу деңгейі, теңіздегі бір тамшыдай қазақстандық кітаптардан басқа не бар?! Оның өзі, олардың сапасы мен мәнін қарамай, зертемеген жағдайда. Жастар мен жасөспірімдер арасында, үлкен сұранысқа ие интернет желісінде, отандық бағдарламалар немесе мультфильмдер мүлдем жоқ деп айтуға тура келеді. Сонда, қоғамымыз тура бағытта қалай өзгерер?!

Ал соңғы «қанды жексенбі», Ақтөбедегі болған оқиға ше?! Лаңкестік жасаған көбісі жастар ғой. Мен белгілі бір саяси сарапшы болмасам да, менің жекелей азаматтық көзқарасым діңнің дұрыс бағытынан ауытқып кеткендіктен болып отыр ғой. Сонда, дің мәселесін дұрыс бағытта насихаттай алмауында болып тұрған сияқты. Мешітке діңге қызуғушылық таңытып келген жастарды, имамдарымыз байқамай, ал теріс бағыт ұстанатындар бірден байқағандары ма, сонда?!

Жалпы қорытындылай келгенде, әр қашан намысшыл болған қазағым-ау, біреуді жамандағанша, мәселенің тамырын басқа жерде іздегенше, өзімізден бастайық ағайын! Менің ойымша, егер де әр азамат өзінен және өзінің отбасынан бастаса, ертеңгі күніміз шуақыт, әрі жарқын болар. Жанұямызда балаларға дұрыс тәрбие бере білейік (бұрын әкеміз жұмыстан келгенде, теледидардан атып тұрып, орын босатсақ, қазір әкенің өзі орынсыз қалып отыр). Жанұядағы әрбір мүшенің орны бөлек. Асқар таудай әке, махаббаты мол ана, кең пейілді әже, данышпан ата, батыл аға мен қамқор әпке, міне нағыз отбасы!!!

  ]]>
Fri, 01 Jul 2016 16:24:54 +0600Wokpar@yvision.kz (Wokpar)қазақабыройжанұяжастарhttps://yvision.kz/post/700330https://yvision.kz/post/700330
Казнет. Қарағанды — жүрегімнің дүрсіліҚарағанды қаласына 80 жыл.

 

Қарағанды қаласы, еліміздің Сарыарқа даласы арқылы жайғасып, Алтай таулары мен Жайық өзенінің аралығының, қақ ортасында орналасқан ғажайып аймақ.  Еліміздің адам қоныстануы бойынша ең көп шоғырланған қалалардың бірі деп айтсам қателеспеймін. Тарихы да терең, әрі Қазақстан дамуындағы орны ерекше болып саналады.

Еліміздің ауыр өнеркәсіп саласында алатын орны ерекше. Әлемдегі бірнеше елде ғана қолданылатын, ашық әдіспен алынатын көмір кешендері де осы аймақта. Айтарлықтай артықшылықтары мен жақсы қасиеттері жетерлік.

Шамалы тарихқа үңілсек, сонау 1934 жылы қала қаланып, сол кездегі Совет Одағы үшін көптеген пайдалы қазбаларын және дайын өнімдерін берген еді. Сан алуан, ауыр өнеркәсіпке байланысты зауыттар мен фабрикалар салынып, экономикаға түсіретін пайдасы мол болды деп айтуға болады. Халық саны жылдан жылға өсіп, алдыңғы қатарлы қалалардың қатарына қосыла бастады. Уақыт өте келе, қала көркейіп, өзінің белгілі бір заңдылықтары мен дәстүрлері пайда болды. Өзіне ғана тән мінезі болып, қалаға келген әрбір қонақ үшін өзін белгілі бір жағынан таңытып отырды. Әрине, тарихта болған оқиғалар мен жағдайлар көп деп, білемін, олардың әрқайсысын жеке дара қарастыруға уақыт та жетпес. Дегенмен, аталмыш 80 жылдық мерей тойға байланысты, көптеген тарихи оқиғалар аталып өтетініне сенімдімін.

Негізінен, өзім Астана қаласының тұрғылықты тұрғыны болып саналғанымен, бірақ Қарағанды қаласы, менің жүрегімнің бір бөлігін алып, орны ерекше болып келеді. Бала кездегі өмірімнің, оқушы мен студент болған кездегі белгілі бір бөлігін осы әсем де, қонақжай қаласында өткізген едім. Әрбір келген сәтте, Қарағанды қаласы маған жаңа қырыннан көрініп, сәт сайын өзіне сүйсіндіріп, тек жақсы жақтарын көрсетті деп айта аламын. Әрине, нағыз тымтырыс өмір болғандықтан, кейбір кемшіліктер де байқалған болатын. Бірақ келесі келген сәтте, жақсы қырларын көргеннен кейін барлығы да ұмыттылады.

Менің негізгі айтайын деп отырған ойым, кез келген адам үшін, ыстық, әрі жақын жерлер, мекендер, қалалар болады. Мен үшін, Астанадан бөлек, әрине – Қарағанды. Кейбір азаматтар бұл қаланы сұр, қызықсыз деп санайды, бірақ олардың осы тұжырымдамалары қате деп ойлаймын. Себебі, мүмкін сырт жағынан немесе бірінші көз қарастан солай болар, дегенмен оның ішкі өмірін біліп, дүниесі мен рухын сезсек, жүрегі әрі үлкен, әрі жылы...

  ]]>
Thu, 20 Mar 2014 18:25:14 +0600Wokpar@yvision.kz (Wokpar)қарағанды қаласына 80 жылқарағандысүйікті қаламhttps://yvision.kz/post/406143https://yvision.kz/post/406143
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!!!

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, қаракөз қарындастар! Сіздерді жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз.
Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер адам жоқ. Сіздердің төзімділіктеріңіз бен махаббаттарыңызға алғысым шексіз!


Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Алаштың ұлтжанды азаматтары, ұлттың да, ұрпақтың да бесігін түзейтін, тілімізді де, діңімізді де, ділімізді де ана сүтімен санаға сіңіретін, қазақты тәрбиелейтін қыздарымыз. "Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында" деген сөз әлемді билейтін де, тербейтін де әйел екенін білдіреді.
Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.
Ерекше төзімді кәдімгі қазақтың Ұлт аналарына деген құрметімді білдіріп, қолымды жүрегімнің тұсына қойып, иіліп тәжім етемін.
Сіздерге сәттілік пен шаттық көңіл серік болсын. Ер азаматтардың сыйластығы мен құрметіне бөлене беріңіздер.
Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін!
Отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Өңір халқының әл-ауқатын жақсарту жолында атқарып жатқан еңбектеріңізде табыстарға жетіп, үлкен биiктерден көрiнулерiңiзге шын жүректен тілектеспін.

«Күннің шуағы – жылы,
Ананың құшағы – жылы», – дегендей, дүниеде ананың балаға және барша азамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ. Ананың аялы алақаны мен жылы құшағын сезініп өскен сәбидің арманы не?! Сіздерге биылғы жылы да қуанышы мен қызығын ала келген төл мерекелеріңізді шадыман көңіл күймен қарсы алып, құшақтарыңыз гүлге толсын деген ақжарылған тілегімді білдіремін.


]]>
Thu, 07 Mar 2013 12:55:01 +0600Wokpar@yvision.kz (Wokpar)8 наурызсыйлық тартухалықаралық әйелдер күніәйелдерқызәжеапаәпкетәтеhttps://yvision.kz/post/341110https://yvision.kz/post/341110
Ана тіліміз үшін күрес немесе көз бояушылық...Достар, қазіргі таңда елімізде ана тілміздің мәртебесі жоғарлап бара жатқаны әрине сөзсіз. Неше түрлі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып заңдық тұрғыда негізделіп келсе, қаржылық тұрғыда бөлінетін қаражат есебі де ұлғайып келеді.

Барлық мемлекеттік органдарда құжаттама ресми түрде қазақ тілінде болуын үкімет талап етсе, іс жүзінде өкінішке орай әлі ақсап жүрміз. Кейбір құжаттар мемлекеттік тілде жазылғанымен, көпшілігі орыс тілде жазылып, кейін ғана қазақ тіліне аударылып келеді. Ресми ақпараттар, құжат алмасу процесі толығымен мемлекеттік

тілге ауысты дегенмен, дэ факто негізінде олай емес.

Теледидардан көрсететін бағдарламалар да әлі де болса толық тұрғыда, сапалы және мағыналы өнім шығара алмай отыр. Негізінен орыс немесе ағылшын тілінен аударылып көшірме жасаумен айналасуда. Таза түп тамыры қазақ тілінде шығарылатын өнімдер өте аз, оның өзі жеткіліксіз, қанағаттарлық сапаға жеткізе алмай жатыр.

Республика көлемінде симпозиум мен дөңгелек үстелдер, семинарлар мен үлкен жиналыстар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереміз деп сылтаулатып өткізіп жатыр. Оған былтырғы жылы 113 млн теңге жұмсалған екен. Бұл жалпы қазақ тілін дамыту үшін бөлінген қаражаттың 23,6% құрап отыр. Одан қандай нәтижеге жетті?! Ешқандай, тек ақшаны ауаға шашқандай болды.

Ономастика мен қазақ тілінде шығарылатын оқулықтар да мәселесі өзекті болып тұр. Оның сапасы мен іске асырылуы алға жылжи алмай жатыр. Көше атаулары қайдағы жоқ шетел азаматтардың атына беріліп жатса, басылып шығарылған оқулықтар мағынасыз.

Осының барлығымен қоса, енді бізге латынға көшу керек болып тұр. Бұл әрине қажетті әрекет деп санаймын. Бірақ түпкілікті қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, халық арасында,қоғамда сұранысқа ие болмағанша, латынға көшу қиынға соғар. Әрине, «Көш жүре түзілер» дегенмен, біз бар күш-жігерімізді бір жұдырыққа жұмылдырып, бар мәселелерге тойтарыс беруіміз қажет. Өз туған тілімізден желкенбей, достар арасында немесе жанұяда, жұмыста немесе қоғамдық орындарда ұялмай, көкірегімізді көтеріп сөйлеуге тырысуымыз қажет. Егер шала-пұла білсек, кейде қатемен жазып немесе сөйлеп жатсақ, бұл үшін ешкімнен қорықпай емін-еркін ойымызды жеткізе білейік. Осы ұсақ нәрселерден бастасақ, алға жылжуымыз тезірек болатынына сенемін.

Соңғы уақытта өкінішке орай еліміздің зиялы қауым атынан біраз ашық хаттар мен жолдамалар жазылып, басылып келеді. Дегенмен, бұл артық, қажетсіз әрекеттер деп санаймын. Халықты латын бізге керек немесе керек емес деп, іріткі салып, екі жаққа бөлгенше, барлығымыздың басын бір арнаға бұрып, қазақ тілінің дамуы үшін басқалай әрекеттер жасаса пайдасы көбірек болар еді. Жарқын болашағымызға үмітпен қарайық. Қазақ тілі жасасын!!!

  ]]>
Thu, 28 Feb 2013 16:16:30 +0600Wokpar@yvision.kz (Wokpar)казахский языкказахский язык на латиницеономастикаhttps://yvision.kz/post/339973https://yvision.kz/post/339973
В шаге от смерти или борьба за жизньДорогие друзья, к большому сожалению сфера по предоставлению бесплатных обязательных медицинских услуг обещанные в Конституции РК и по содержанию клятве «Гиппократа» работает не на должном уровне. Некоторые врачи до сих пор относятся к своей работе недобросовестно. В подтверждение можно привести много аргументов и фактов. Достаточно даже вспомнить события в городе Шымкент,когда по халатности врачей массово заразили ни в чем не повинных детей страшной и неизлечимой болезнью СПИД.  Сколько было летальных исходов, когда врачи лечили людей не от той болезни и в итоге были плачевные последствия. Когда мальчику поставили диагноз беременность… Есть много и других фактов.

Но, по сути, для чего столько времени учатся наши доктора в медицинских академиях?! Столько времени у них уходит для получения определенной практики, государство тратит колоссальные бюджетные деньги для их обучения и повышения квалификации. Спрашивается - чтобы потом они так ошибались?! Возможно, скептики скажут, что человеку свойственно ошибаться и не все врачи такие.  «Да не все,» - отвечу я им. Но нужно также согласиться, что последнее время участились такие непоправимые ошибки людей в белых халатах.

Их работу можно сравнить с саперами, так как право на ошибку нет, так как на кону человеческая жизнь дарованная Всевышнем. Если ты стал на путь врача и решил помогать и лечить людей, тогда будь добр исполняй свои профессиональный долг. А если сомневаешься или боишься тогда не надо губить чужие жизни…

Хочу привести вам пример из собственного жизненного опыта, когда на себе испытал недобросовестность врачей. Думаю, в этой жизни многие из вас так же сталкивались с теми или иными похожими ситуациями.

Дело было в конце января, когда мой дедушка заболел. Врачи приехавшие в«скорой» и работники поликлиники к который мы относимся по месту жительства отказали оказывать медицинскую помощь, ссылаясь на его старость. Получается, во-первых, были нарушены Конституционные права, во-вторых, была нарушена клятва «Гиппократа», ну и в-третьих, самое главное - медицинские сотрудники показали свою бесчеловечность, отсутствие сострадания беспомощным пожилым людям. В итоге я был в ярости от такого отношения и решил как-то исправлять допущенную ошибку врачей. А самое главное помочь и вылечить дедушку, так как ему по сути ещё жить и жить!!! Решил написать жалобу на людей в белых халатах самому главному врачу нашей республики г-же Салидат Зикеновне. Всю историю более подробно я приведу Вам ниже, а затем напишу, каков был результат.

http://blogs.egov.kz/kairbekova_s/questions/185482

«Здраствуйте Салидат Зикеновна! Обращаюсь к  Вам с просьбой разобраться, принять меры и посодействовать в сложившейся ситуаций, подсказать как нам поступить и решить нашу проблему.

26 января 2013 года у гражданина Аубакирова Киика Жумабековича 10.01.1937 года рождения, состояние здоровья резко ухудшилось. Давление поднялось до 200 и по сей день оно колеблется 180-200. Имеет такие диагнозы как: «Ишемическая болезнь сердца», «Внутренние варикозное расширение вен на ногах», «Артериальная гипертензия». Передвигаться по дому и вообще ходить практический не может, так как ноги не держат. В тот же день вызвали скорую помощь, но к большому сожалению ни чем помочь не смогли. От госпитализаций нам отказала ссылаясь на возраст.  А дедушка лежит и мучается, настрой на выздоровление пропал.  Участковый врач терапевт Жазира Саматовна поликлиники №5, куда мы относимся по месту жительства отказывается оказывать какую-либо медицинскую помощь. Анализы просит чтоб он сам пришел в поликлинику и сдал. Но не учитывая его состояние здоровья. В таких ситуациях как я знаю, мед. учреждение обязано провести анализы на дому.  Все эти врачи что смогли только сказать это пить –кетонал.  Но сами понимаете, с одним кетоналом далеко не уйдешь. Заглушением боли лекарством человеку не поможешь.

Почему все отказываются лечить и предпринимать какие-либо действия?! Получается что у нас в стране пожилые люди должны оставаться с своими проблемами сами собой?! По- тихонька терая сил и умирая на глазах родных?! Для чего они трудились всю свою жизнь?! Разве не для того чтоб наша жизнь, сегодня была счастлива и в достатке?! Где «клятва Гиппократа» врачей об оказание мед. помощи в любых ситуациях?!  Где Конституционные права человека о сохранений здоровья и получений бесплатных обязательных мед. услуг?! Возможно только старики больших начальников могут получить достойную помощь?! Я прекрасно понимаю, что многое это все старческое, но мы же не можем сидеть сложа руки  и смотреть как он уходит из жизни. Он вполне может прожить ещё определенное время. Если сейчас ему оказать высоко квалифицированную, достойную, а самое главное заслуженную медицинскую помощь, то мы действительно покажем что у нас в стране человека в беде не оставляют и пожилых людей чтят.

Надеемся на ваш медицинский профессионализм и человеческое понимание. Заранее благодарны. Будем очень признательны. Внук Аубакиров Кали Нуржанович»

В итоге после написанного письма, реакция со стороны правительства получилась мгновенная. Министерство Здравоохранения взяло на личный контроль лечение дедушки. В день по не сколько раз домой приходили глав. врач, заведующая отделением и терапевт поликлиники. Сейчас конечно же после оказание должных, а самое главное заслуженных медицинских услуг состояние стабилизировалось, здоровье улучшилось. Конечно это все хвалебно и отрадно, очень радует. Но почему данные, да и многие другие врачи не предпринимают действий мгновенно, а не после того как получат по шапке и не заставят их бегать?! Когда у нас будет порядок?! Когда у нас будут чтить и уважать пожилых людей на должном уровне?! Для чего строят дорогостоящие клиники, которые не по карману простому гражданину?! Для чего или для кого?! Может это все для отвода глаз… не знаю, но надеюсь что в скором времени все станет на свои места.

  ]]>
Thu, 28 Feb 2013 13:00:47 +0600Wokpar@yvision.kz (Wokpar)мед. академиямедицина в астаневрачи скорой медицинской помощиврачи казахстанаполиклиникаболезньhttps://yvision.kz/post/339943https://yvision.kz/post/339943
О Казахстане. Жаңа ғасырдағы жаңа мамандықтарға сұранысХХI - ғасыр  адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы  ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.

Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде "Сонда, ол маман немен шұғылданады?" деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде "орын әзірлеп" жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:

бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;

логистик - бұл мамандық  туралы естуіңіз бар шығар. Қысқаша айтқанда, бұл - жүк тасымалын қадағалайтын маман;

промоутер - компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі;

супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;

веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;

копирайтер - сайт үшін контент құрушы;

коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;

интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;

девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;

сомелье - ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман;

джобер –  оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;

рецепшеонист – тұтынушылар қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын қызметші;

Тізімде келтірілген мамандықтар нарықтағы жұмыс түрлерінің бірсыпырасы ғана. Әрі анықтама қысқаша ғана берілген. Шын мәнінде, айталық, девелопердің жұмысы тек жоба жасап, оны сатумен ғана шектелмеуі мүмкін. Логистик те солай.

Бірақ бұл тізімдегі мамандықтарға деген сұраныс күннен-күнге артып келе жатқаны анық.

Дегенмен, бірқатар мамандықтардың атауы жаңа болғанымен, функциясы өзгерген жоқ. Мысалы, Javascript-программист мамандығы бұған дейін жай ғана веб-программист деп аталатын. Бұрынғы бастықтар - менеджер болып шыға келді. Еден жуушылар - хаус-киперге айналды.

Соған қарамастан, жаңа мамандықтардың басым бөлігі нарықтық экономиканың өз күшіне мініп, IT саласының ілгері дамуына байланысты пайда болған, тың кәсіптер. Компьютер алдында отыратын қызметшілердің табысы жүргізуші, механик, кенші сияқты мамандық иелерінен әлдеқайда көп. Оның үстіне, денсаулығын тәуекелге тікпейді.

Алайда жаңа мамандықтардың да кемшілігі бар. Жүйкеге түсетін салмақ пен стресс орасан. Ұдайы ойланып, жаңа тәсілдер табу қажет.

http://www.ainalife.kz/articles/material/71

Нәтижесінде, қорытынды ой туады. Осы мамандықтар қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болғанымен, жастарға мойындарын бұру қажет пе?! Үкімет тарапынан жастарды қолдау бойынша, "Кадрлық резерв", "Дипломмен ауылға", "Қайта оқыту және даярлау" сыңды мемлекеттік бағдарламалар құрып, ЖОО бөлінетін грант саның артыруда. Жастардың жұмыс істеу үшін бар жағдай жасалып, таңдау мүмкіншіліктері орасан зор. Сонда кім қай жолмен баратыны әр азаматтың өзінің еркіндігінде. Жалпы қайда барсақ та, аман болайық! Әйтеуір ертең алған білімді  және өмірлік тәжірбиемізді игі істер үшін пайдалана алсақ болғаны....

  ]]>
Fri, 01 Feb 2013 15:17:00 +0600Wokpar@yvision.kz (Wokpar)жастаржоомамандық таңдауххі ғасырhttps://yvision.kz/post/317855https://yvision.kz/post/317855
Новости. Өлімге билет не, замаң талабы?!

Жалпы әлемде әуе көліктерін ойлап табуы, үлкен ғылыми прогресстің нәтижесі деп сөзсіз есептеуге болады. Адамның бір жерден екінші жерге тез мезетте жетуі өте ыңғайлы. Егер шұғыл шаруалар бола қойған жағдайда немесе алыс қашықтықты, уақытты үнемдеу үшін адам баласы осы көлік түріне жүгінеді екен. Оның әлемдегі түрлерінің сан алуандығы басты айналдыратыны түсінкті. Тік ұшақ та, ұшақтың көптеген басқа да түрлері баршылық... Адам баласы оны ойлап тауып қана қоймай, қауіпсіздігі жайлы да біраз ойланып жылдан-жылға жетілдіру әрекеттерін ендіруде. Дегенмен апта, ай сайын, кейде үлкен өкінішке орай күн сайын әлемнің түкпір-түкпірінен әуе көліктің апатқа ұшырауы туралы қайғылы хабарлар келуде. Біздің еліміз бұл қайғылы оқиғалардан шетте қалған жоқ.

Енді құрметті оқырмандар сіздердің назарларыңызға қазақстандық әуе көліктермен, не Қазақстан жерінде болған апаттарға қысқаша шолу өткізсем.

- 1983 жыл. Алматы әуежайында «Аэрофлот» компаниясының ТУ-134 ұшағы дұрыс жерге қона алмай жанып, 90 адамды өзімен бірге өлім аузына әкетті.

- 1996 жыл.  «Charki Dadri» Дели қаласының әуежайына жақын жерде, әлемдегі аспандағы  ұшақтардың  соқтығысқан ең қайғылы оқиға орнады. Қазақстандық «Эйр Казахстан» компаниясының  «Ил-76 ТД» мен Араб Әмірлігінің  «Saudi Arabian Airlines» ұлттық компанияның «Боинг-747» ұшақтарының соқтығысуының салдарынан 349 адам көз жұмды. Қазақстан тарапынан ұшақта 37 адам болды.

- 2004 жыл. Ақтөбе облысы, Бозой елді мекені маңында «Araiavia» авиакомпаниясының Ан-2 ұшағы апатқа ұшырап, бір адам қайтыс болды.

-  2006 жыл. Қазақстанда Orlan 2000 авиакомпаниясының ауыл шаруашылығы мақсатында қолданылатын ұшағы апатқа ұшырап, бір адам қайтыс болды.

-  2007 жыл. Алматы әуежайында Jet Connection авиакомпаниясына тиесілі Challenger-CL604 ұшағы әуеге дұрыс бағытта көтеріле алмай, бетон қоршауға соқтығысып, өртеніп кеткен. Бір адам мерт болды.

- 2008 жыл. Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағы құлап, апат салдарынан бес адам қайтыс болды. 13 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

- 2009 жыл. Оңтүстік Қазақстан облысында арнайы операцияға ұшып бара жатқан ҰҚК шекара қызметінің Ми-8 тікұшағы құлап, он адам мерт болды. Үш адам жарақат алды.

- 2012 жыл. Астана аэродромында оқу-жаттығу жасауға ұшып шыққан қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты.

- 2012 жыл. Алматы облысының маңында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 8 адам бір мезетте дүниеден өтті.

- 2012 жыл. Шымкент қаласы. Ан-27 ұшағындағы құралдардың ақауы нәтижесінде, 27 адам о дүниеге өтті.

- 2013 жыл. Алматы облысында SCAT авиакомпаниясының жолаушылар ұшағы қона алмай апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапты. Елде қаралы күн жарияланды.

Осы оқиғалардың барлығысы әр түрлі уақытта болса да, ең негізгі себептер ауа-райының қолайсыздығы, көлік қызметкерлерінің қатесіздігі немесе көліктің ақаулығы. Қазіргі таңда елімізде ең ірі әуе жолы арқылы жолаушыларды тасымалдаушы «Эйр Астана» және сол «SCAT» компаниясы. Оның құзырында ұшақ пен тікұшақтар саны аз, Қазақстан бойынша ғана тасымалдауды ұйымдастырғанымен, әуе кеңістігінің халыққа қызмет көрсету бойынша біраз орнын алып отыр. Одан басқа да ұсақ-түйек компаниялар баршылық.

Ал енді жалпы алғанда барлық компаниялардың және қорғаныстағы қолданыста бар әуе көліктерінің тозуы жайлы ойласам, көзіме жас келеді. Себебі, ертең не бүгін сынып қалып, құралдар немесе белгілі бір тетік ақау берсе, болғаны... тағы да қанша адам өмірінен айырылуымыз мүмкін. «Техниканың аты - техника», «Қатесіз – адам, ормансыз - бұлбұл» демекші дана халқымыз, бірақ өкінішке орай ешкім қауіпсіздік жайлы 100% кепілдік бере алмас.

Дегенмен біз де қол қусырып, келесі апат қашан болатының күтпей, белгілі бір іс-әрекеттерге баруымыз қажет деп санаймын. «Ауруды емдегенше, алдын алған жөн» демекші барлық әуе паркіне қатаң тексеріс жүргізіп, пайдалынысқа жарамсыз немесе сынып кету қаупі бар көліктерден бас тартуымыз қажет. Республика көлемінде әуежайларды да қатаң бақылауға алып, керек болса қателікті дұрыстамағанша жауып тастау керек деп есептеймін. Әуе жолдары және сол салаға байланысты барлық қызметкерлердің білім сапасын, біліктілігін тексеріп, керегінше қайта оқытып, даярлап бар күш жігерімізді салуымыз хақ. Сонда неше түрлі қазіргі таңда қажетті жоқ шараларды ұйымдастыра беріп, ақшаны ауаға шашқандай болғанша, адам қауіпсіздігі мен өмірі үшін құю дұрысырақ деп сенемін. Ол жағдай дұрысталып болғаннан кейін ғана, осындай іс-әрекеттерге баруымызға болады.

Аман болайық және аман болатынымызға сенейік!!! Тек жақсы жаңалықтарда жүздескенше!!!

  ]]>
Thu, 31 Jan 2013 18:24:18 +0600Wokpar@yvision.kz (Wokpar)самолетвертолет ми-17 министерства обороны казахстана взорвался в воздухе при подходе к аэропорту астанысамолет крушениеавиакатастрофа близ аэропорта алматыұшақапатөлімscat airlinesми-8ми-17https://yvision.kz/post/317636https://yvision.kz/post/317636